Польша "Apache" тікұшақтары үшін АҚШ-пен келіссөздерді бастады

Польша АҚШ-тан 96 дана «Apache» әскери тікұшағын сатып алуға келіссөздерді бастады.

2033771
Польша "Apache" тікұшақтары үшін АҚШ-пен келіссөздерді бастады

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак 96 дана «Apache» әскери тікұшағын сатып алу үшін АҚШ-пен баға келіссөздерін бастағандарын хабарлады.

Блашчак өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде АҚШ Конгресінің Польшаға әскери техниканы сатуды мақұлдағанын хабарлады.

АҚШ Конгресінің мақұлдауына назар аударған Блашчак «АҚШ Конгресінің 96 дана «Apache» әскери тікұшағын радар мен қару-жарағымен бірге Польшаға сатуға рұқсат берілді. Баға келіссөздерін бастадық» деді.

Блашчак процедуралар аяқталып, жеткізілетін тікұшақтар Польшаға келгенше, АҚШ армиясының өз резервінен Польшаға «Apache» әскери тікұшағы беретінін атап көрсетті.

Польша үкіметі Ресей-Украина соғысынан кейін елдің армиясын күшейту қадамдарының бір бөлігі ретінде бұл «Apache» әскери тікұшақтарын өткен жылы сатып алу туралы шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар