Израиль әскерлері бір палестиналықты өлтірді

Бұл оқиғаға қатысты Израиль әкімшілігінен әзірге мәлімдеме жасалмады.

2033122
Израиль әскерлері бір палестиналықты өлтірді

Израиль әскерлері басып алған Батыс Шерияның солтүстігіндегі Тулкарим қаласындағы «Нұр-Шәмс» атындағы босқындар лагерьінде шабуыл салдарынан бір палестиналық қаза тапты.

Аймақтағы «Сабит Сабит» ауруханасы лауазымдысының берген мәліметіне қарағанда, «Нұр Шәмс» босқындар лагерьінде Израиль әскерінің оғынан жараланған бір палестиналық қаза тапты.

Екінші жағынан аймақтағы куәгерлер лагерьді басып алған Израиль күштері мен палестиналықтардың арасында қақтығыс болғанын хабарлады.

Израиль күштері өздерімен бірге аймаққа әкелген құрылыс техникасымен жолдарды қазып, жол шетiндегi палестиналық көліктерге зақым келтірді.

Бұл оқиғаға қатысты Израиль әкімшілігінен әзірге ешқандай мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар