«ASEAN» саммиті Джакартада басталды

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (ASEAN) 43-ші саммиті Джакартада басталды.

2033099
«ASEAN» саммиті Джакартада басталды

Индонезияның бас қаласы Джакартада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (ASEAN) 43-ші саммиті басталды.

Мүше елдердің экономикалық интеграция мен аймақтық мәселелері талқыланатын саммит аясында 26-шы Қытай-«ASEAN» отырысы, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея кіретін 26-АСЕАН+3 отырысы, 18-ші Шығыс Азия отырысы және «ASEAN»-ның Үнді-Тынық мұхиты форумы мүше елдердiң қатысуымен негізгі саммит аясында өтеді.

Саммитте Мьянмадағы әскери төңкеріс пен жалғасып жатқан ішкі қақтығыстар тудырған мәселелер, Оңтүстік Қытай теңізіндегі егемендік даулары, Қытай мен АҚШ арасындағы бәсекелестік және ықпал ету күресі 10 ел басшыларының күн тәртібінде болады.

Саммит 7 қыркүйек күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар