ЕО Қорғаныс министрлері бейресми жиналысы өтті

Джозеп Боррель Украинаға көбірек және жылдам көмек көрсетуді сұрады.

2031245
ЕО Қорғаныс министрлері бейресми жиналысы өтті

Еуроодақ (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Джозеп Боррель «көбірек және тезірек» көмек алғысы келетін Украинаға F-16 ұшқыштарын оқыту мүмкіндігін талдап жатқандарын мәлімдеді.

Африка Сахель аймағы елдері мен Украина тақырыптары күн тәртібімен Испанияның Толедо қаласында жиналған Еуроодақ Қорғаныс министрлерінің бейресми кездесуінен кейін мәлімдеме жасаған Боррель Украинаға көбірек және жылдам көмек көрсетуді сұрады.

ЕО-қа төрағалық жасайтын Испанияның ұйымдастыруымен Толедо қаласында 29-30 тамыз күні өткен Еуроодақ Қорғаныс министрлерінің бейресми жиналысынан кейін Испания Қорғаныс министрі Маргарита Роблес және Боррель бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

ЕО-ның Украинаға жылдық 5 миллиард еуролық көмек көрсету уәдесінің «бір мақсат емес, шек» екенін атап көрсеткен Боррель бұл көмектің мерзімін 2027 жылға дейін созуды нысанаға алғандарын білдірді.

Жозеп Боррель ЕО Украинаға қару-жарақ жөнелтілімдерін бірлесіп қаржыландыру үшін осы уақытқа дейін 3,6 миллиард еуродан астам қаржы аударғанын атап көрсетті.

Украинаға «көбірек және тезірек» әскери көмек жіберуге ​​шақырған Боррель бұл соғыста НАТО-мен үйлестірудің маңызды екенін және украин әскерлерінің F-16 ұшқыштарын оқу-жаттығу мүмкіндігін талдағандарын атап өтті.

Боррель Ресейдің Астық дәлізі келісімін тоқтатуының бүкіл әлем сияқты Еуропаға да ықпал ететінін, қазіргі жағдайдың энергия бағасына кері әсерін тигізетінін атап көрсетті.

Ұшақ апатында қайтыс болған «Вагнердің» негізін қалаушы және жетекшісі Евгений Пригожиннің артынан Ресейдің «Вагнерге» жылдамдықпен жаңа бір жасшы табатынын алға тартқан Боррель «Вагнердің ақылы жасақтары Африкадағы жұмысын жалғастырады. Ресейден тұрақты әскер жібере алмайды, өйткені бұл тым шектен асу деген сөз. Сондықтан ақылы әскерлерді жібереді және олар міндетті түрде Ресейдің саяси билігіне сәйкес жүреді» деді.



Ұқсас жаңалықтар