Террористер мен арабтар арасында қақтығыс болып жатыр

Ауылдардағы қақтығыстарда өлі мен жаралы көп екені білдірілді.

2030098
Террористер мен арабтар арасында қақтығыс болып жатыр

Сирияның шығысындағы Дейриз-зор қаласында террорлық ұйым PKK/YPG басқыншылығындағы алаңда қақтығыс болып жатыр.

Жергілікті дереккөздерден алынған мәлімет бойынша, PKK/YPG террорлық ұйымымен жақын қатынасы бар «Дейриз-зор әскер мәжіліс тобындағы» көп уақыттан бергі келіспеушілікті террористер топ қолбасшысы Ахмед әл-Хабилді ұстаған. Артынан террорлық ұйым мен арабтар арасында қақтығыс шыққан.

Террористер Хабилді Хасеке қаласында ұстағаннан кейін Дейрих-зордағы арабтар кейбір ауылдарда террорлық ұйымның жол бекеттеріне шабуылдады.  Осыдан кейін террорлық ұйым Ракка мен Хасекенің Шеддали ауданынан Дейриз-зорға қосымша жасақ жолдады.

Ауылдардағы қақтығыстарда өлі мен жаралы көп екені білдірілді.

Хабилдің бауыры Желал әл-Хабил де әлеуметтік желіден PKK/YPG террор ұйымын қорқытқан видео жариялады. Видеода «Сары ДАИШ-тіктерге үн қатамын.  Ұстаған адамдарыңды босатпасаңдар, аймақты тозаққа айналдырамыз» деп айтылды.

Америка Құрама Штаттарының материалдық және әскери қолдауымен PKK/YPG террорлық ұйымының басқаруымен іс атқаратын ауыз жүзіндегі «әскери мәжіліс» өз орындарына Санадид күштері келеді деп қорқып, көп уақыттан бері үрейленіп отыр еді.  Ауыз жүзіндегі осы «мәжіліс» сондықтан Санадид жасақтарының Евфрат өзенінің шығысындағы аймақтарға қарулы күш жіберуіне қарсы шығып отыр.

«Әскери мәжілістегі» қарулы арабтар мен террор ұйымына қарасты әскери полиция арасында 25 шілде күні де қақтығыс болған еді.



Ұқсас жаңалықтар