Рама: "Президент Ердоған негізінде гректерге дұшпан емес"

Албания премьер-министрі Эди Рама грек баспасөзіне сұхбат берді.

2030044
Рама: "Президент Ердоған негізінде гректерге дұшпан емес"

Албания премьер-министрі Эди Рама президент Режеп Тайып Ердоғанмен стратегиялық серіктестік келісімі барын айтты.

Грек баспасөзіне сұхбат берген Рама әсіресе елінің Түркия және Грекиямен қарым-қатынасы туралы түрлі мәселелерге тоқталды.

Рама «Президент Ердоғанмен стратегиялық серіктестік туралы келісіміміз бар. Дегенмен президент Ердоған мен (Грек премьер-министрі) Кирякос Мицотакис арасында немесе  Грекия мен Түркия арасында бір таңдау жасауымыз керек емес деп ойлаймын. Біз екеуін де жақсы көреміз. Сіздің бір-біріңізді онша жақсы көрмеуіңіз біздің тұрғымыздан екеуіңді жақсы көруіміз үшін қиындық тудырмауы керек» деді.

Албания мен Грекия арасындағы теңіз жауапкершілік аймақтары тақырыбына да тоқталған Рама «Президент Ердоған бұл тақырып жөнінде еш нәрсе сұраған емес. Күресін жалғастыру үшін Албания оған (президент Ердоғанға) қажет емес» деді.

Президент Ердоғанның негізінде гректерге дұшпан емес екенін баса айтқан Рама «Менің ойымша, сіз мұны өте жақсы білесіз. Президент Ердоған премьер-министр болған кезде де Кипр мәселесі бойынша келісімді үстелге шығаруға батылдық танытқан адам. Естеріңізде болса, бұл оның Анкарадағы мансабы үшін өте қауіпті нәрсе болды және ол мұны жасады» деді.

Рама «Грекия тап болған ауыр дағдарыс кезінде мен оның (Президент Ердоғанның) бұл жағдайды пайдаланып, жағдайды нашарлатқанын көрмедім. Өйткені ол Грекияны жойғысы келсе немесе ондай ойда болса дағдарысты одан сайын ушықтырар еді. Ол жағдайды пайдаланғысы келсе, босқындарды пайдалану арқылы дағдарысты одан да ауыр күйге айналдырар еді, бірақ олай етпеді. Расында мен оның (Президент Ердоғанның) бойынан Грекияға және грек халқына жағымсыз сезімде болған адамды ешқашан көрген емеспін» деді.



Ұқсас жаңалықтар