Нигерияда Боко Харамға қарсы операция жасады

Нигерияда Боко Харам террор ұйымына мүше 23 террорист залалсыздандырылды.

2029616
Нигерияда Боко Харамға қарсы операция жасады

Нигерияның солтүстік шығысындағы Борно уәлаятында террор ұйымы Боко Харамға бағыттап жасалған операцияда 23 террорист залалсыздандырылды.

Нигерия Қорғаныс министрлігі БАҚ директоры Эдвард Буба армияның Борнода Боко Харам террор ұйымына  қарсы операцияларын жалғастырғанын мәлімдеді.

Буба операцияда 23 террористің залалсыздандырылғанын, көптеген ұйым мүшесінің жаралы қашқанын білдірді.

Террористер кепілге алған 41 адамның құтқарылғанын атап көрсеткен Буба содырларға тиесілі көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрінің де тәркіленгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар