Нигерияда дифтерия індеті таралуда

Нигерияда дифтерия індетінен 26 адам қайтыс болды.

2029427
Нигерияда дифтерия індеті таралуда

Нигерияның Баучи уәлаятында дифтерия індетінен 26 адам қайтыс болды.

Ұлттық алғашқы көмекті дамыту агенттігінің Баучи уәлаятының үйлестірушісі Доктор Рилвану Мұхаммед уәлаятта дифтерия індетінің таралуының  жалғасқанын мәлімдеді

Мұхаммед елде осы уақытқа дейін 180 дифтерия оқиғасы тіркелгенін және індет салдарынан 26 адамның қайтыс болғанын айтты.

Індетке шалдыққандардың көпшілігі екпе алмағандығы айтылды.



Ұқсас жаңалықтар