Путин көңіл айтты

Владимир Путин Тверьде қаза тапқандарға көңіл айтты.

2028987
Путин көңіл айтты

Ресей президенті Владимир Путин «Вагнер» тобының басшысы Евгений Пригожиннің отбасынан бастап Тверьде қаза тапқандарға көңіл айтты.

Путин Мәскеуде Кремльде бір жақты жарияланған Донецк Халық Республикасының уақытша басшысы Денис Пушилинмен бас қосты. Кездесуде алдынғы күні Тверьде Пригожин де өлді деп білдірілген ұшақ апатына байланысты Путин «Осы ұшақ апатына байланысты құрбандардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл – трагедия.  Қазіргі мәліметтер «Вагнер» қызметкерлерінің де осы ұшақта болғанын көрсетіп отыр» деді.

«Вагнер» тобының Украинадағы «неонацист режимге» қарсы күресте маңызды үлес қосқанын білдірген Путин «Мұны білеміз және есімізде, ұмытпаймыз» деді.

Пригожинді 1990 жылдардың басынан бері танитынын тілге тиек еткен Путин «Пригожин тағдыры күрделі,  бірақ қабілетті адам болатын, өмірінде маңызды қателіктер жіберді» деді.



Ұқсас жаңалықтар