"Отансыз" қалған ауғандарға арнайы төлқұжат беріледі

Осы төлқұжатпен ауғандар көптеген елге бара алады.

2029055
"Отансыз" қалған ауғандарға арнайы төлқұжат беріледі

Швейцарияда өмір сүретін, ресми төлқұжаты жоқ, енді «отансыз» деп есептелген ауғандарға арнайы төлқұжат беріледі.

Швейцария Мемлекеттік көш хатшылығы мәлімдемешісі Даниэль Бах елде өмір сүретін және жарамды құжаты жоқ ауғандарға арнайы Швейцарияның арнайы төлқұжаты (жасыл төлқұжат) берілетінін айтты.  Бах осы төлқұжатпен ауғандардың көптеген елге бара алатынын білдірді.

Бұл шешім шілде айында ауғандардың елдерінен құжат алудың мүмкін емес екені және сондықтан «отансыз» деп есептелуі керек деген сот үкімінен кейін берілді. Шешімге 24 жасар ауған Фарид Абделхактың Швейцариядан кетуіне рұқсат берілмейтінін қабылдамауы себеп болды.

7 жылдан бері осы елде тұратын Абделхак Ауғанстаннан ешбір құжатын ала алмағандықтан ешқайда кете алмаған еді.

Швейцарияда тұратын 30 мыңнан астам ауған елінен құжат ала алмау және саяхат ете алмау мәселесімен бетпе-бет.



Ұқсас жаңалықтар