Құранның өртелуіне тыйым салатын заң жобасын ұсынады

Дания Әділет министрі Петер Хаммелгаард баспасөз брифингін өткізді.

2029272
Құранның өртелуіне тыйым салатын заң жобасын ұсынады

Дания үкіметі мәжіліске Құран Кәрім және басқа да қасиетті кітаптардың өртелуі, осы кітаптарға түрлі шабуылдарға тыйым салатын заң жобасын ұсынады.

Дания Әділет министрі Петер Хаммелгаард баспасөз брифингін өткізіп, қасиетті кітаптарға шабуылдарға тыйым салатын заң жобасын ұсынатындарын білдірді.

Министр қасиетті кітаптарға шабуылдың жалғыз мақсатының «жек көрушілік жарату және араздық туғызу» екенін айтты. Ол жаңа заң арқылы қасиетті кітаптардың өртелуіне, әрі діни құндылықтарға бағытталған әрекеттерге тыйым салатындарын атап көрсетті.

Дания сыртқы істер министрі Лекке Расмуссен «Бұл Данияның бүкіл әлемге үндеуі болады» деді.

Аталмыш заң жобасы мәжіліске қашан ұсынылатыны белгілі емес.



Ұқсас жаңалықтар