Грекияда өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті

Елде орман өрті әлі жалғасып жатыр.

2029220
Грекияда өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті

Грекияның Эврос аймағындағы өртеніп жатқан Дадия орманында заңсыз босқындікі деп есептелген мәйіт табылғаны хабарланды.

Бүгін таңертең Каважык (Лефкими) ауылы маңындағы орман алқабында өртенген мәйіт табылды. Сот-медициналық сараптама институтына сараптамаға жеткізілген мәйіттің Эврос өзенінен Грекияға өтпек болған заңсыз босқынға тиесілі екені болжануда.

Елде 19 тамыздан бері жалғасып келе жатқан өрт 7-ші күні толық бақылауға алынбаса да бұрынғыдай емес.  Виотияда 21 тамызда бір шопан мен Эврос аймағындағы Каважыкта (Лефкими) бір босқын қайтыс болды.

22 тамызда Дадия орманы аймағында 18 адамның, оның ішінде 2 баланың мәйіті табылған еді.

Осылайша елдегі өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті.

Грекияда соңғы 20 жылда болған ең үлкен орман өртінде өрт қойды деген күдікпен ұсталған 140 адамның 73-іне қатысты сот ісі басталды.



Ұқсас жаңалықтар