Пригожиннің өлімі әлем баспасөзінде кең орын алды

«Вагнер»-дің негізін қалаушы Евгений Пригожиннің өлімі әлемнің назарын аударды.

2028641
Пригожиннің өлімі әлем баспасөзінде кең орын алды

«Вагнер» қауіпсіздік компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің өлімі әлем баспасөзінде кең орын алды.

Америкалық «The Wall Street Journal» газеті «Вагнер басшысы мінген ұшақ апатқа ұшырады, жолаушылардың барлығы қаза тапты» деген тақырыппен жарық көрді. Газет Пригожиннің Мәскеу үкіметіне қарсы сәтсіз көтеріліс бастағанын еске салды.

«Washington Post» газеті оқиғаның егжей-тегжейін ресейлік баспасөзге сүйене отырып берді. Газет Пригожиннің өткені туралы мәліметтермен бөлісті.

«The New York Times» газеті ұшақта қаза тапқандардың арасында Пригожиннің болғанын хабарлады. Газет Мәскеу мен «Вагнер»-дің бөлінуіне әкелген процесті жазды.

Британдық «The Telegraph» газеті «Ресей Пригожиннің ұшақ апатынан қайтыс болғанын айтуда, одақтастары Ресей президенті Владимир Путинге назар аударуда» деген тақырыппен хабарлады. Сондай-ақ газет қауіпсіздік дереккөздерінің оқиғаны Путиннің бұйрығымен жасалған қастандық деп есептейтіні туралы ақпаратты да жариялады.

«The Sun» газеті бұл оқиғаға Путинді кінәлап, «Путиннің кек алуы» деп атады.

«The Guardian» газеті болса АҚШ президенті Джо Байденнің Путинге нұсқағанына назар аударды. Газет бұл оқиғаның басқа ресейлік элитаға ескерту болатыны көзқарасын ортаға қойды.

Немістің «Bild» газеті «Ақылы әскердің басшысы өлді» тақырыппен берген хабарында Пригожиннің өмірі мен оқиғаның жай-жапсары туралы ақпарат таратты.

Француз «Le Monde» газеті болса Пригожиннің маусым айында Мәскеу әкімшілігіне қарсы көтеріліс бастағанына назар аударып, Ресейдің бұл оқиғаға үнсіз қалғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар