БҰҰ Грекияны қауіпсіз шекара қорғау саясатын орындауға шақырды

"Грекия қарулы күштерінің заң бұзушылықтарының есебін беру жауапкершіліктерінің болмауын айыптаймыз» деп айтылды.

2028612
БҰҰ Грекияны қауіпсіз  шекара қорғау саясатын орындауға шақырды

БҰҰ Грекияны қауіпсіз және бейтарап шекара қорғау саясаттарын орындауға шақырды.

БҰҰ арнайы хатшылары Грекияның шекара қорғау саясаты жөнінде мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Грекияны қауіпсіз және бейтарап шекара қорғау саясаты мен процедураларын орындауға шақырамыз. Грекия қарулы күштерінің заң бұзушылықтарының есебін беру жауапкершіліктерінің болмауын айыптаймыз» деп айтылды.

Грекияның қауіп төнген босқындарға жылдам және ықпалды көмек бере алмауы, оларды сенімді түрде құрлыққа шығара алмауы және жеткілікті босқынды елге қабылдамауы уайым туғызып отыр. 11 сәуір күні Сомали, Эритрея және Эфиопиядан Грекияға кірген,  арасында 6 айлық нәресте де бар 12 босқынды маска таққан адамдардың жинағаны,  заттарын тартып алғаны,  осы кісілерді күштеп Лесбос аралына жібергені еске салынды.

БҰҰ мамандары осы оқиғаға байланысты Грекия үкіметінен 7 тамыз күні егжей-тегжейді мәлімет талап еткен. Мәлімдемеде «Сәуірде болған оқиғалар адам құқықтарын бұзушылық. Осы тақырыпта уайым үлкен.  Грекияны күш қолдану жөнінде ережелер мен оқиғалардың қайталанбауы үшін сақтық шаралары туралы мәлімет беруге шақырамыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар