Мексикада босқындар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты

Апат салдарынан бір бала мен 8 әйел, барлығы 16 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды.

2028122
Мексикада босқындар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты

Мексиканың Оахака мен Пуэбла штатының шекарасына жақын маңдағы тас жолда босқындар мінген автобустың жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан алғашқы мәліметтер бойынша 16 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды.

Оахака Бас прокуратурасы Мексикада босқындар мінген автобус Куакнопалан-Оахака тас жолында жүк көлігімен соқтығысқанын мәлімдеді.

Апат салдарынан бір бала мен 8 әйел, барлығы 16 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды.

Жаралылар Пуэбладағы ауруханаға жеткізілді. Лауазымдылар оқиғаның себебін анықтау үшін тергеудің жалғасқанын білдірді.

Оахака штаты губернаторы Саломон Джара Круз әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында қаза тапқандардың туыс-тамырларына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар