"Украинаның территория тұтастығына құрмет көрсетеміз"

Вучич Украина президенті Владимир Зеленскиймен бас қосты.

2027824
"Украинаның территория тұтастығына құрмет көрсетеміз"

Сербия презденті Александр Вучич Украинаның территория тұтастығына құрмет көрсететіндерін айтты.

Вучич Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің шақыруымен Балқан елдері басшыларының Афиныдағы кешкі асына қатысты. Артынан Украина президенті Владимир Зеленскиймен бас қосты.

Серб басшы кездесуден кейін «Зеленскиймен ашық кездесу болды.  Сербиядағы азаматтардың қалай ойлайтынын,  неге олай ойлайтынын сұрады.  Оған Сербияның Украинаның территория тұтастығына құрмет көрсететінін айттым» деді.

 Вучич Сербия мен Грекияның да дос қатынастары бар екенін білдіріп, «Мицотакис Грекияның Косовоның тәуелсіздігін мойындау тақырыбындағы ұстанымының өзгермейтінін айтты» деді.

Балқан елдерінің Еуропа Одағына мүшелік перспективасы және ЕО болашағы қолға алынған кешкі асқа Молдова президенті, Черногория президенті, Румыния премьер-министрі, Косово премьер-министрі, Босния және Герцеговина Министрлер кеңесі төрағасы,  Солтүстік Македония премьер-министрі, Болгария премьер-министрі және Хорватия премьер-министрі қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар