Фукусимада жиналған радиоактивті су эвакуацияланады

Жапония премьер-министрі Киcида Фумио мәлімдеме жасады.

2027640
Фукусимада жиналған радиоактивті су эвакуацияланады

Жапония премьер-министрі Киcида Фумио Фукусима Дай-ичи Атом электр станциясында (АЭС) жиналған радиоактивті қалдық суларын мұхитқа ағызуды 24 тамыз күні бастайтындарын мәлімдеді.

Премьер-министр Киcида бас қала Токиода өткен үкімет отырысынан кейін тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады.

Киcида Фукусима Дай-ичи АЭС-тің радиоактивті қалдық суын мұхитқа ағызу жұмысының 24 тамыз күні басталатынын білдірді.

Премьер-министр Киcида «ағынды суларды ағызу және электр станциясын бұзу жұмыстарын қауіпсіз түрде жүргізу үшін бар күш-жігерін салатындарын» атап көрсетті.

Кишиданың мәлімдемесінің артынан Фукусимадағы АЭС-тің қожайыны «Tokyo Electric Power Company» (TEPCO) басшысы Кобаякава Томоакидің өз қызметкерлеріне эвакуация жұмыстарын «тез» бастауды тапсырғаны білдірілді.

Халықаралық Атом энергиясы жөніндегі агенттік 4 шілде күні жариялаған есебінде Жапонияның Фукусима Дай-ичи АЭС-те жиналған қалдық суды теңізге ағызу жоспарының қауіпсіздік стандарттарымен сәйкес келгенін мәлімдеді.

Токио үкіметінің шешіміне көрші елдер Қытай, Оңтүстік Корея және Тайвань наразылық білдірді.

2011 жылдың наурыз айында болған 9 балдық жер сілкінісімен пайда болған цунами салдарынан Фукусима Дай-ичи АЭС реакторындағы ядролық ерітінділер ауаға араласып, электр станциясының маңы «эвакуация аймағы» деп жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар