Коронавирустың жаңа нұсқасы Израильде

Жаңа нұсқа Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) алаңдатып отыр.

2026989
Коронавирустың жаңа нұсқасы Израильде

Короновирустың (Ковид-19) «BA.2.86» деп аталатын жаңа нұсқасы Израильде тіркелді.

Израильдің қоғамдық хабар тарату ұйымы (KAN) Тель-Авив Соураский медициналық орталығы лауазымды тұлғаларының тақырыпқа қатысты түсіндірмелерін жариялады.

Хабарда Израильде анықталған жаңа нұсқаның АҚШ, Англия және Даниядан кейін анықталған 4-ші жағдай екені айтылды.

Хабарға қарағанда, жаңа нұсқа тасымалдайтын мутациялардың көптігі вакциналарды тиімсіз етуі мүмкін. Сондықтан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) алаңдатып отыр.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 17 тамыздағы мәлімдемесінде «BA.2.86» деп жарияланған нұсқаны мутацияларының көп болуына байланысты «бақылаудағы нұсқа» деп жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар