"Ислам әлемі құрметсіздікке көп шыдай алмайды"

Иран Сыртқы істер министрі Дания мен Швецияға ескерту жасады.

2027393
"Ислам әлемі құрметсіздікке көп шыдай алмайды"

Иран Сыртқы істер министрі Хүсейін Эмир Абдуллахиян Құранға бағытталған шабуылдар болған Дания және Швецияға үн қатып, Ислам әлемінің осы құрметсіздікке көп шыдай алмайтынын айтты.

Парсы ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше,  министр Тегеранда Малайзиялық әріптесі Замби Абдулкадирмен бірге баспасөз мәслихатын өткізді.  Ол «Малайзия Сыртқы істер министрімен кездесуімізде қасетті кітаптарға, діндерге және Құран кәрімге жасалған құрметсіздіктерді айыптадық.  Иран Ислам Республикасы атынан Швеция мен Данияға Ислам әлемі және үмбетінің Құранға құрметсіздікке көп шыдай алмайтыны жөнінде ескерту жасағым келед» деді.

«Еуропада радикализм мен терроризмнің артатынын» білдірген Абдулллахиян «Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері жиналысында осы елдердің тауарларына бойкот жасау күн тәртібіне келді. Осы тақырыпты Ислам елдері сыртқы істер министрлері қадағалайтын болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар