Иран Дания мен Швецияның еліндегі уақытша сенімді өкілдерін министрлікке шақырды

Иран Дания мен Швецияның уақытша сенімді өкілдеріне Құранға жасалған құрметсіздік себепті мазасыздығын жеткізді.

2026991
Иран Дания мен Швецияның еліндегі уақытша сенімді өкілдерін министрлікке шақырды

Иран Дания және Швецияда Құран кітапқа бағытталған шабуылдар жалғасқандықтан осы елдердің Тегерандағы уақытша сенімді өкілдерін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Иранның мемлекеттік телеарнасына қарағанда Сыртқы істер министрлігіне шақырылған Дания мен Швецияның уақытша сенімді өкілдеріне Құран кітапқа бағытталған құрметсіз әрекеттерге қарсы Иранның мазасыздығы жеткізілді.

Иранның Құран кітап пен исламның қасиетті құндылықтарын нысанаға алатын әрекеттерді қатаң түрде айыптағаны жеткізіліп, сенімді өкілдерге Құран кітапты қорлаудың маңызды нәтижесі болатыны және жауапкершіліктің Швеция мен Дания үкіметтеріне тиесілі екені ескертілді.

Дания мен Швеция дипломаттары болса Иранның мазасыздығын өз елдеріне жеткізетіндерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар