Ресей Украинаның Мәскеуге шабуыл әрекеті жасағанын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігі оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады.

2026796
Ресей Украинаның Мәскеуге шабуыл әрекеті жасағанын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның пилотсыз әуе көлігі арқылы бас қала Мәскеу мен Мәскеу аймағындағы нысандарға шабуыл әрекеті жасағанын хабарлады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде «Мәскеу уақытымен сағат 04:00 шамасында Киев режимінің Мәскеу мен Мәскеу аймағындағы нысандарға ұшақ үлгісіндегі пилотсыз әуе көліктерімен жасаған шабуыл әрекетіне тосқауыл қойылды» делінді.

Мәскеу облысына қарасты Ступино ауданының әуе кеңістігінде Мәскеу бағытында ұшқан пилотсыз бір әуе көлігі анықталғанына назар аударған мәлімдемеде пилотсыз әуе көлігінің радио-электрондық соғыс құралдары арқылы тосқауыл жасалғаны айтылды.

Мәлімдемеде басқылаудан шыққан пилотсыз әуе көлігінің тегіс алаңға құлағаны, адам шығыны болмағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар