Лукашенко  Қытай Қорғаныс министрі Ли Шанфумен кездесті

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Минскіге келген  Қытай Қорғаныс министрі Ли Шанфумен кездесті.

2026379
Лукашенко  Қытай Қорғаныс министрі Ли Шанфумен кездесті

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қытай мен әлемнің қазіргі және болашақтағы жүйесі туралы көзқарасының бірдей екенін мәлімдеді.

Беларусь ақпарат агенттігі «BelTA»-ның хабарына қарағанда  Лукашенко ел астанасы Минскіге келген  Қытай Қорғаныс министрі Ли Шанфумен кездесті.

Лукашенко кездесуде «Беларусь пен Қытай Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін анықталған көпполярлы әлемді, аумақтық тұтастық пен шекаралардың бірлігін жақтайды. Елдердің ішкі істеріне араласпау қағидатын ұстанып келеді. Қысқасы, Қытайдың сыртқы саясатының бүкіл палитрасы біздікіне ұқсайды» деді.

Лукашенко Қытайдың ішкі және сыртқы саясаты толығымен әділетті және дау-дамай мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталғанын айтты.

Қытай  Қорғаныс министрі Ли Шанфу да Беларусь басшысының наурыз айында Бейжің сапары барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездескенін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар