Израиль күштері бір палестиналықты өлтірді

Израиль күштері көптеген әскери көлік және бульдозермен Дженин қаласына  шабуыл жасаған.

2025961
Израиль күштері бір палестиналықты өлтірді

Израиль күштері басып алынған Батыс Шериядағы Дженин қаласына жасаған шабуылында бір палестиналықты өлтірді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде     «Дженин қаласына жасалған шабуылда басынан, кеудесінен және асқазанынан жараланған 32 жастағы Мұстафа әл-Кестуни өмірден өтті» делінді.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль күштері көптеген әскери көлік және бульдозермен Дженин қаласына  шабуыл жасаған.

Куәгерлер Израиль күштерінің Дженин орталығындағы наубайхананы жарып жібергенін, 2 палестиналықтың да ұсталғанын айтты.

Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде 1 палестиналықтың қаза тапқаны және 2  палестиналықтың ұсталғаны расталды.



Ұқсас жаңалықтар