Қытай мен Тайвань арасындағы кірбеңдік жалғасуда

Қытайдың наразылығына қарамастан Лай Чинг-те сапардан оралған кезде АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында үзіліс жасады.

2025796
Қытай мен Тайвань арасындағы кірбеңдік жалғасуда

Тайвань көшбасшысының міндетін атқарушы Лай Чинг-те Парагвайға барар жолда Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласына  аялдады. Бұған Қытай наразылық көрсетті. Қытайдың наразылығына қарамастан Лай Чинг-те сапардан оралған кезде АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында үзіліс жасады.

Кеше Сан-Францискоға қонған Лайды Тайваньның Вашингтондағы өкілі Сяо Би-хим және Тайваньдағы Америка институтының төрағасы Лаура Розенбергер қарсы алды.

Әуежай маңындағы қонақүйге жайғасқан Лайды қонақүйдің алдында Тайваньның Қытайға қосылуын талап еткен шерушілер қарсы алды.

Лай әлеуметтік желідегі жазбасында күндіз АҚШ-та тұратын Тайваньдықтармен кездесетінін айтты.

Тайвань Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан бері іс жүзінде тәуелсіздікке ие болды. Азаматтық соғыстан кейін Қытай мен Тайвань арасындағы кірбеңдік жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар