Коронавирустың жаңа штамына орай ескерту

Жаңа нұсқа анағұрлым жұқпалы немесе ауыр болуы мүмкін.

2024784
Коронавирустың жаңа штамына орай ескерту

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) елдерге «Eris» жаңа штамына байланысты коронавирус (Ковид-19) сақтық шараларын алып тастамауды ескертті.

Америка Құрама Штаттарында, Еуропа мен Азияда Ковид-19 инфекциясы мен ауруханаға жатқызу көбейіп келеді.

Денсаулық сақтау қызметкерлері алғаш рет 2021 жылдың қарашасында пайда болған «Omicron» нұсқасының «EG.5 Eris” атты жаңа нұсқасына назар аударып отыр.

ДДСҰ  «EG.5-ті» басқа нұсқаларға қарағанда мұқият бақылау керек екенін түсіндірді, себебі ол анағұрлым жұқпалы немесе ауыр болуы мүмкін.

ДДСҰ елдерге жаңа нұсқаға байланысты Ковид-19 сақтық шараларын алып тастамауды ескертті.

«Omicron»  штамымен бірдей белгілері бар жаңа нұсқа "Eris" штамы осы уақытқа дейін 51 елде анықталды.



Ұқсас жаңалықтар