​​​​​​​Қытай Қорғаныс министрі Ресей мен Беларуське барады

Ресей-Украина соғысының Бейжің әкімшілігін Мәскеуге жақындатқаны байқалады.

2024289
​​​​​​​Қытай Қорғаныс министрі Ресей мен Беларуське барады

Қытай Қорғаныс министрі Ли Шанфудың Ресей мен Беларуське баратыны хабарланды.

Қытай Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда министр Ли 15 тамызда Ресейде өтетін 11-ші Мәскеу халықаралық қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлейді. Ли Мәскеуге сапары барысында 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына байланысты батыспен арадағы шиеленіс кезінде Ресей қорғаныс шенеуніктерімен келіссөздер жүргізеді.

Қытай министрі Беларусьте президент Александр Лукашенкомен және қорғаныс шенеуніктерімен де кездеседі деп жоспарланды.

Наурызда қызмет бастаған Ли сәуірде Мәскеуге барып, президент Владимир Путинмен кездескен еді. Ли шілде Бейжіңде Ресей теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Николай Евменовпен де бас қосқан болатын.

Қытайдың Америка Құрама Штаттарымен геостратегиялық бәсекелестігі мен аймақтық шиеленіс күшейген кезде басталған Ресей-Украина соғысының Бейжің әкімшілігін Мәскеуге жақындатқаны байқалады.



Ұқсас жаңалықтар