Голландия Ресейдің екі әскери ұшағына кедергі жасады

Голландия Ресейдің екі әскери ұшағының Дания әуе кеңістігінде тоқтатылғанын хабарлады.

2024310
Голландия Ресейдің екі әскери ұшағына кедергі жасады

Голландия әуе кеңістігіне жақындаған ресейлік екі әскери ұшағының Дания әуе кеңістігінде тоқтатылғанын хабарлады.

Голландия Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында Ресейге тиесілі 2 әскери ұшағының Голландия әуе кеңістігіне жақындағаны анықталды.

«Quick Response Alert – QRA (Жылдам жауап ескертуі)» жүйелері іске қосылған соң ұшақтар Дания тарапынан бұл елдің әуе кеңістігінде тоқтатылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ Голландияға тиесілі «F-16» әскери ұшақтарының 24 сағат бойына дайын тұрғаны, шетелдік бір ұшақ бар екені анықталған жағдайда бірнеше минуттың ішінде іске қосыла алатыны баса айтылды.

Мәлімдемеде Бельгия мен Голландияның кезек-кезек әуе кеңістігін бақылау міндетін мойнына алғаны және екі елдің Бенилюкс (Бельгия, Голландия және Люксембург) аймағын түгел бақылағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар