Израильде мыңдаған адам шеруге шықты

Нетаньяху үкіметін протест еткен мыңдаған адам Тель-Авивтегі үкімет сарайы алдында жиналды.

2023775
Израильде мыңдаған адам шеруге шықты

Израильде премьер-министр Беньямин Нетаньяху бастаған коалициялық үкіметтің сот реформасына қарсы наразылық шерулері 32-ші аптада жалғасты.

Нетаньяху бастаған радикал оңшыл коалициялық үкіметтің оңшыл саясаты мен сот реформасына қарсы сенбі сайын кешке жаппай шерулер ұйымдастырған израильдіктер наразылықтың 32-ші аптасында қайтадан алаңдарды толтырды.

Он мыңдаған израильдік Тель-Авив, Иерусалимнің батысы, Хайфа және Герцлия сияқты қалалардан бастап елдің түкпір-түкпіріндегі ондаған бөлек жерде шеру ұйымдастырды.

Апта сайын болғандай шерушілер ең үлкен шеруді ұйымдастыру үшін Тель-Авивтегі үкімет ғимараты алдында жиналды.

Нетаньяху үкіметіне қарсы наразылық қозғалысының басшылары осы жерде орнатылған сахнада үкіметтің сот тәртібін сынға алды.

Иерусалимнің батысында шерушілер Израиль президентінің резиденциясы алдында жиналды.

Отставкадағы қолбасшылар, өнер қайраткерлері де елдің түкпір-түкпірінде өткен шерулерге қатысты.

Нетаньяху үкіметі Израиль Жоғарғы сотының үкіметті бақылау құқығын алып тастайтын заң жобасын елдің түкпір-түкпіріндегі жаппай наразылықтар мен қызу қоғамдық пікірталастарға қарамастан, 24 шілде күні Мәжіліс отырысында қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар