Эйфель мұнарасында бомба дабылы

Эйфель мұнарасында бомба бар екені туралы хабарлама негізсіз болып шықты.

2023788
Эйфель мұнарасында бомба дабылы

Францияның бас қаласы Париждегі Эйфель мұнарасында бомба бар екені туралы  хабарлама негізсіз болып шықты.

Кеше Париждің көрікті жерлерінің бірі Эйфель мұнарасында бомба дабылы қағылды.

Мұнарада бомба бар деген хабарлама бойынша қауіпсіздік шарасы қабылданды. Эйфель мұнарасы мен оның айналасы эвакуацияланып, мұнараға шығатын есіктер жабылды.

Хабарламаның негізсіз екені анықталды. Эйфель мұнарасы және оның айналасындағы дабыл жағдайы жойылды.

Мұнара 2 сағаттан кейін келушілерге қайтадан ашылды.



Ұқсас жаңалықтар