Құран Кәрімге жасалған шабуылдар жалғасуда

Арандатушылық әрекеттер полицияның көзінше жасалды.

2023556
Құран Кәрімге жасалған шабуылдар жалғасуда

Данияның астанасы Копенгагенде Құран Кәрімге жасалған шабуылдар жалғасуда.

Исламға қарсы және нәсілшіл «Данске патриоттары (Дания патриоттары)» тобының мүшелері кеше Копенгагендегі Пәкістан, Алжир, Индонезия және Марокко елшіліктерінің алдында жиналды.

Одан кейін топ Копенгагендегі мешіттің алдында Құран Кәрімді өртеп жіберді.

Исламға қарсы баннер ашып, ұран салған топ бұл сәттерді әлеуметтік желідегі аккаунтында тікелей эфирде көрсетті.

Арандатушылық әрекеттер полицияның көзінше жасалды.

Соңғы кездері Швеция мен Данияда Құранға қарсы шабуылдар күшеюде.



Ұқсас жаңалықтар