Нигериядағы қарулы шабуылда 21 адам қаза тапты

Нигерияның Плато уәлаятындағы қарулы шабуылда қаза тапқандар саны 21-ге жетті.

2023341
Нигериядағы қарулы шабуылда 21 адам қаза тапты

Плато  дағдарыс құрбандары мен азат ету орталығының басшысы Соломон Мвантири кеше таңертең уәлаяттың  Баркин Лади аймағына барған қарулы топтардың шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Мвантири шабуылда 21 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Арнайы Әскери жұмыс тобының баспасөз хатшысы капитан Ола Джеймс те шабуылда көптеген адамның жарақат алғанын, аймаққа әскер жіберілгенін және жағдайдың бақылауға алынғанын айтты.

Нигерияның Плато уәлаятында мезгіл-мезгіл мұсылмандар мен христиандар арасында қатты қақтығыстар болады. Өткен айда уәлаятта жүргізілген операцияларда 130 заңсыз қару тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар