"ECOWAS" Нигерге әскер орналастыратын болды

Бірақ келіссөз мүмкіндігін де қарастыратындарын білдірді.

2023200
"ECOWAS" Нигерге әскер орналастыратын болды

Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы (ECOWAS) Нигерде конституциялық құрылымды орнату үшін Сақтық күштерін белсендіреді.

Нигердегі төңкерісті талқылаған Нигерияның астанасы Абуджада ұйымдастырылған «ECOWAS» саммиті аяқталды.

Саммитте қабылданған шешімге сәйкес, «ECOWAS» ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрлеріне Нигерде «конституциялық тәртіп орнату үшін» резервтік күштерді дайындап, орналастыруды тапсырды. Резервтік күштердің нақты қай жерде орналасатыны туралы ақпарат берілген жоқ.

«ECOWAS» сонымен қатар мүше мемлекеттердің әскерлерін орналастыру шешіміне қарамастан, мәселені келіссөз арқылы шешуге дайын екенін қайталады. «Дипломатиялық келіссөздер мен диалог біздің көзқарасымыздың негізін құрайды», - деді саммитке төрағалық еткен «ECOWAS» кезекті президенті Бола Тинубу.

2003 жылы Кот-д'Ивуар мен Либерияға, 2012 жылы Гвинея-Бисауға және 2013 жылы Малиге бітімгершілік күш ретінде кірген және тұрақтылықты сақтауға тырысқан «ECOWAS» резервтік күштері дағдарыс кезінде мүше мемлекеттер жіберген сарбаздардан тұрады.

«ECOWAS» күштері кез келген елге араласуы үшін олар бірлескен шешім қабылдауы немесе Африка Одағының тағайындауы керек.

Азаматтық, полиция және сарбаздардан тұратын Сақтық күштерінің Мали, Нигерия және Ганада оқу орталықтары бар.



Ұқсас жаңалықтар