Төңкерісті мойындамады

Баласы тұтқындалды.

2022786
Төңкерісті мойындамады

Нигердегі төңкерісті мойындамайтынын хабарлаған Нигердің Франциядағы өкілетті елшісі Айчату Бойлама Кейнннің баласын әскери хунта тұтқындады.

Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда,  елші Кейннің Нигер Пошта қызметтері бас директоры болып табылатын баласы Идрисса Кейн жемқорлық және мемлекет қорын жымқыру айыптауымен тұтқындалды. Бұл тұтқындау Кейннің анасының мәлімдемесіне қатысты болып болмағаны белгісіз.

Отанды қорғау ұлттық кеңесі 3 тамыз күні Нигердің кейбір елшілерінің қызметінің тоқтатылғанын хабарлаған еді. Осыған орай Франциядағы елші Кейн де хунтаның төңкерісін танымайтынын хабарлап, қызметін жалғастыратынын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар