Копенгагенде тағы қасиетті Құран кітапқа шабуыл жасалды

Радикал топ Даниядағы Түркия, Пәкістан, Алжир, Индонезия және Иранның елшіліктері алдында Құран кітапты өртеді.

2022702
Копенгагенде тағы қасиетті Құран кітапқа шабуыл жасалды

Данияның бас қаласы Копенгагенде қасиетті Құран кітапқа шабуыл жасалды.

Ислам дұшпаны және радикал ұлтшыл топ  «Danske Patrioter» (Дания патриоттары) тобының бір мүшесі Түркия, Пәкістан, Алжир, Индонезия және Иранның Даниядағы елшіліктері алдында Құран кітапты өртеді.

Исламға қарсы ұрандар тасталған арандатушылықтар полицияның қолдауында жүзеге асты.

Фейсбук топтың әлеуметтік желідегі кейбір бейне көріністеріне шектеу қойды.

Топ соңғы екі аптада болса 4 тамыз күні Түркия, Ирак, Мысыр, Сауд Арабиясы және Иран елшілігі алдында, ал 7 тамыз күні Түркия, Пәкістан, Алжир, Индонезия және Иранның Даниядағы елшіліктерінің алдында Құран кітапты өртеген еді.

Топ арандатушылықтарын Копенгаген қаласынан тыс жерлерде жүргізсе де, кейбір мұсылмандардың наразылықтарына тап болды.

Арандатушылықтар 8 тамыз күні Түркия, Алжир, Пәкістан, Индонезия және Иранның Даниядағы елшіліктері алдында жалғасты.

Швеция мен Данияда соңғы кездері Құран кітапқа бағытталған шабуылдар көбейіп, бұл әрекеттердің полицияның қорғауында және биліктен рұқсат алу арқылы жүзеге асырылғанына Түркиядан бастап көптеген ел наразылық көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар