Шойгу батыстың жәрдемдеріне наразылық көрсетті

Батыс елдерінің Украинаға бүгінге дейін жасаған жәрдемдері 160 миллиард доллардан асты.

2022427
Шойгу батыстың жәрдемдеріне наразылық көрсетті

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу НАТО, Еуроодақ (ЕО) және серіктестерінің Украинаға бүгінге дейін көрсеткен жәрдем көлемінің 160 миллиард доллардан асқанын мәлімдеді.

Шойгу бас қала Мәскеуде министрлік өкілдерімен кездесуінде үн қатты.

Батыс елдерінің Украинаға қолдауын жалғастырғанын білдірген Шойгу «НАТО, Еуроодақ және серіктестерінің жалпы қару-жарақ жәрдемі 160 миллиард доллардан асты» деді.

Шойгу Вашингтонның халықаралық конвенциямен тыйым салынған кассеталық бомбаларды жәрдем пакетіне қосу арқылы «әскери қылмыс» жасағанын және НАТО елдерінің Киевке «F-16» әскери ұшақтарын жеткізу үшін белсенді түрде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ресейдің әскери қауіпсіздігіне бағытталған қатерлердің батыс және солтүстік батыс бағыттарында артқанын білдірген министр Шойгу «Байыпты тұрақсыздандырушы факторлардың бірі болса Финляндияның НАТО-ға мүшелігі мен Швецияның болашақта НАТО-ға кіруі» деді.

«Польша құрлықтың ең күшті армиясын құру үшін қару сатып алуда» деген Шойгу Шығыс Еуропа елдерінің қарулы күштерін ескере отырып, Ресей-Беларусь шекараларының тікелей маңайында шамамен 360 мың жауынгер, 8 мың танк пен броньды техника, 6 мың артиллериялық жүйе, 650 ұшақ пен тікұшақ орналастырылғанын атап көрсетті.

Аймақтағы НАТО блогының аймақтағы сарбаз санын арттырғанына назар аударған  ресейлік министр «Ресейдің әскери қауіпсіздігіне төнген бұл қатер дер кезінде және лайықты жауап қатаруды талап етеді. Оларды залалсыздандыру үшін қажетті шараларды талқылап, тиісті шешімдерді қабылдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар