Имран Хан саясаттан 5 жылға шеттетілді

Пәкістан полициясы Ханды сот шешімімен 5 тамызда Лахордағы үйінде қамауға алған еді.

2022077
Имран Хан саясаттан 5 жылға шеттетілді

Пәкістанның сайлау комиссиясы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпты деп танылып, тұтқындалған бұрынғы премьер-министр Имран Ханды 5 жылға саясаттан шеттетуге шешім шығарды.

Сайлау комиссиясы тиісті заңдарға сәйкес Ханның 5 жыл саясаттан шеттетілуіне шешім шығарды.

Исламабадтың жоғарғы соты Ханды премьер-министр кезінде 490 мың долларлық сыйлық сатты және өз қызметін теріс пайдаланды деп айыптап, 3 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Пәкістан полициясы Ханды сот шешімімен 5 тамызда Лахордағы үйінде қамауға алған еді.

Пәкістан парламентінде 2022 жылы 174 «қарсы» дауыс алған Имран Хан үкіметі құлады. Елде үш мерзім премьер-министр болған Наваз Шарифтің ағасы Шахбаз Шариф 2022 жылы 11 сәуірде өткен дауыс беруде 174 дауыспен премьер-министр болып сайланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар