Украинада 5 адам ажал құшты

Ресейдің Украинаның Покровск қаласына зымырандық шабуылынан бес адам қаза тапты.

2021599
Украинада 5 адам ажал құшты

Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко «Telegram» арнасындағы жазбасында Ресейдің Донецк облысындағы Покровск қаласына зымырандық шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Оқиға орнында іздеу-құтқару топтарының қажетті жұмыстарды жалғастырғанын айтқан Клименко «Шабуылдан 5 адам қаза тапты, 31 адам жарақат алды» деді.

Клименко сонымен қатар Ресейдің Харьков облысындағы Купянск ауданында жасалған шабуылда 2 адамның қаза тапқанын, 5 адамның жараланғанын хабарлады.

Украина Президенті Владимир Зеленский Покровск қаласындағы зымырандық шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.

Зеленский «Ресей Донбасста жойып-қыруда. Біз ресейлік террорды тоқтатуымыз керек. Ресей осы сұрапыл соғыстағы қылмыстары үшін сотқа тартылады» деп көрсетті.

2022 жылы 24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Украинаға басып кіру туралы бұйрық берді, осылайша Ресей-Украина соғысы басталған еді.



Ұқсас жаңалықтар