Иран АҚШ-қа кек қайтаратынын ескертті

Иран Төңкеріс сарбаздары баспасөз хатшысы генерал Рамазан Шариф мәлімдеме жасады.

2021621
Иран АҚШ-қа кек қайтаратынын ескертті

Иран Төңкеріс сарбаздары армиясының баспасөз хатшысы, генерал Рамазан Шариф егер мұнай танкерлерін Америка Құрама Штаттары (АҚШ) басып алатын болса, өздерінің де дәл солай жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Иранның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша Құм қаласындағы бір шарада сөйлеген бригада генералы Рамазан Шариф «АҚШ-тың біздің кемелерді басып алуына қоса кез-келген әрекетіне жауап қайтарып олардың кемелерін басып алуға Иранның құдіреті бар» деді.

Ирандық лауазымдылар АҚШ-тың әрекетіне қарсы қажетті шараларды қолданатындарын білдірді.

АҚШ біржақты санкция себепті кейде шикі мұнай тасымалдайтын ирандық танкерлерді тәркілеп, мұнайды осы кемелердегі аукцион арқылы сатады. Иран болса осыған қарсылық ретінде Парсы шығанағының айналасындағы мұнай танкерлерін «теңіз ережелеріне сай емес» деген себеппен кепілдікке алады.

Америкалық БАҚ 3 тамыз күні Пентагонның «Иранның операциясына қарсы Ормуз бұғазындағы кемелерге қарулы теңізшілер мен теңіз арнайы сарбаздарын орналастыруға дайындалып жатқанын» хабарлады.

Бұл хабардың артынан Иран Төңкеріс сарбаздары  армиясының Әскери теңіз күштері 300-ден 1000 шақырым қашықтыққа дейін ұшатын әртүрлі зымыранды түгендегенін хабарлады.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) кеше шамамен 3000 сарбаздан тұратын 26-шы Теңіз арнайы сарбаздарының операциялық тобының Таяу Шығысқа 6 тамыз күні ұласқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар