Данияның Ирандағы елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кенани мәлімдеме жасады.

2021272
Данияның Ирандағы елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Иранның Даниядағы елшілігі алдында Құран кітапқа жасалған шабуылмен байланысты Данияның Ирандағы елшісі Жеспер Вахрды Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кенани бас қала Тегеранда өткізген баспасөз мәслихатында күн тәртібіне тоқталды.

Кенани кеше Иран текті Дания азаматы бір әйелдің Копенгагенде орналасқан Иран елшілігі ғимараты алдында Құранға жасаған шабуылын айыптағанын мәлімдеді.

Құран кітапқа жасалған бұл құрметсіздік себепті Данияның Ирандағы елшісі Вахрдың министрлікке шақырылғанын атап көрсеткен Кенани Иранның бұл тақырыптағы назалығының өзіне жеткізілгенін айтты.

Вардың мұндай оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін өз елінің ортаға қойған талпынысын түсіндіргенін атап көрсеткен Кенани «Бұл күш-жігер біздің игілігіміз үшін, бірақ бұл процестің қайталануын болдырмау үшін елдердің әрекет етуі біз үшін маңызды» деді.

Құранға бағытталған опасыздықты «сионистік жоба» деп қабылдағандарын атап көрсеткен Кенани бұл фактінің қылмыс пен қорлаулар орын алған ел үкіметтерінің жауапкершілігін азайтпағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар