АҚШ-та орман өртін сөндіруде екі тікұшақ соқтығысты

АҚШ Калифорния штатында орман өртіне араласқан 2 тікұшақтың ауада соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза тапты.

2021307
АҚШ-та орман өртін сөндіруде екі тікұшақ соқтығысты

АҚШ Калифорния штатының оңтүстігіндегі орман өртіне араласқан 2 тікұшақтың ауада соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза тапты.

Калифорния орман шаруашылығы және өрттен қорғау оңтүстік аймақтық директоры Дэвид Фулчер баспасөз мәслихатында Риверсайд округінде орман өртімен күресуде жұмыс істейтін 2 тікұшақтың ауада соқтығысқанын хабарлады.

Фулчер бір тікұшақтың сәтті қонғанын, екінші тікұшақтың апатқа ұшырағанын, ұшқыш пен 2 өрт сөндірушінің қаза тапқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар