35 сағаттан кейін құтқарылды

Жігіттің денсаулығы жақсы екені хабарланды.

2021216
35 сағаттан кейін құтқарылды

АҚШ-тың Флорида штатында  шағын қайықпен Атлант мұхитында жоғалып кеткен жігітті жағалау күзеті шамамен 35 сағаттан кейін құтқарды.

АҚШ жағалау күзетінің 5 тамызда жасаған мәлімдемесіне қарағанда, 25 жастағы Чарльз Грегори жұма күні таңертең өзінің шағын қайығымен Атлант мұхитына жүзіп кеткен. Кешке дейін келмеген соң іздеу жарияланған.

Жағалау күзеті оны іздеп, тауып, жартылай суға толған қайықтан құтқарды.

Жігіттің денсаулығы жақсы екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар