Украина: "Ресей 20 зымырандық шабуыл жасады"

Ресей армиясы соңғы тәулікте Украина жеріне 20 зымырандық шабуылы жасады.

2020782
Украина: "Ресей 20 зымырандық шабуыл жасады"

Украина Бас штаб басқармасы Ресейдің 20 зымырандық шабуыл жасағанын хабарлады.

Бас штаб Ресейдің соңғы 24 сағаттың ішінде Украинаға жасаған зымыран мен әуе шабуылдарына тоқталды.

Ресей армиясының соңғы тәулікте Украина жеріне 20 зымыран шабуылы жасағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Әуе күштеріне тиесілі зымыранға қарсы қорғаныс бөлімшелері және ұшақтар тарапынан 12 «Калибр» зымыраны жойылды» делінді.

Ресей күштерінің сондай-ақ Украинаға 62 әуе шабуылы жасағаны орын алған мәлімдемеде орыс армиясының «Шахед» атты 4 пилотсыз әуе көлігін пайдаланғаны және барлығының Украина тарапынан жойылғаны білдірілді.

Ресей армиясының көп ұңғылы зымыран жүйесінен украин әскерлерінің позициялары мен елді мекендерін 68 рет атқылағанына назар аударған мәлімдемеде шабуылдар нәтижесінде қаза тапқандар мен жаралылар бар екені, азаматтық инфрақұрылымның қирағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде соңғы 24 сағатта майдан шебінде Ресей мен Украина әскерлері арасында 30-дан астам қақтығыс болғаны білдірілді.

Украина президенті Владимир Зеленский болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Ресей кеше түнде Харьков облысындағы Купянск қаласы Қан құю орталығын әуе шабуылында бомбалады, өлгендер мен жараланғандар бар» деді.

Украина әуе күштері қолбасшылығы Полтава, Житомир, Хмельницкий, Киев, Винница, Кировоград облыстары мен кейбір қалаларды нысанаға алған зымырандардың кеше Беларусь аумағы мен Ресейдің Тамбов қаласынан ұшырылғанын хабарлады.

Зеленский шабуылдар туралы Ресейдің «Кинжал» және «Калибр» зымырандарымен ұшақ және тікұшақтар үшін қозғалтқыш өндіретін «Motor Sich» компаниясы мен Хмельницкий аймағын атқылағанын, кейбір зымырандардың атып түсірілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар