Ресейдің Украинаға шабуылдарында 499 бала қаза тапты

Украина Бас прокуратурасы соғыстан зардап шеккен балалар туралы мәлімдеме жасады.

2020829
Ресейдің Украинаға шабуылдарында 499 бала қаза тапты

Украина Ресейдің қарулы шабуылдары салдарынан елде 499 баланың қайтыс болғанын хабарлады.

Украина Бас прокуратурасы мәлімдемесінде Ресей бастаған соғыстан Украинада көптеген баланың зардап шеккенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде «Балалар прокурорларының ресми мәліметі бойынша 499 бала қаза тауып, мың 90-нан астам бала әртүрлі дәрежеде жарақат алған» делінді.

Бұл көрсеткіштердің нақты емес екені атап көрсетілген мәлімдемеде «Әскери қимылдар жүргізілетін аймақтарда, уақытша басып алынған және азат етілген аймақтарда бала өлімдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде» делінді.

Мәлімдемеде Донецк аймағында 483, Харьков аймағында 129, Херсон аймағында 117, Запорожьеде 97, Николай облысында 95, Днепропетровскиде 94, Чернигов облысында 71, Луганск облысында 67 баланың соғыстан зардап шеккені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар