Данияда Құран Кәрімге қарсы шабуыл жалғасуда

Данияның астанасы Копенгагенде ұшқары оңшыл топтың Құран Кәрімге қарсы шабуылдары жалғасуда.

2020506
Данияда Құран Кәрімге қарсы шабуыл жалғасуда

Данияның астанасы Копенгагенде ұшқары оңшыл топтың Құран Кәрімге қарсы шабуылдары жалғасып жатқанда, арандатушылықтар елдің басқа қалаларына та тарады.

Исламға қарсы және ұшқары ұлтшыл « Даниялық патриоттар» тобының мүшелері Копенгагенде Түркия, Ирак, Мысыр, Сауд Арабиясы және Иран елшіліктерінің алдында Құранды өртеп жіберді. Бұл топ исламға қарсы ұран салды.

Бейсенбі күні әлеуметтік медиа аккаунттарында бөліскен жазбасында бүкіл Данияда Құранға шабуылдарын күшейтетіндерін жариялаған топ арандатушылықтарын Данияның Оденсе және Вейле қалаларына да жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар