Ресейге пилотсыз әуе көлігі шабуылдарының алды алынды

Ресей Украинаның 6 пилотсыз әуе көлiгiн құлатқанын мәлімдеді.

2019711
Ресейге пилотсыз әуе көлігі шабуылдарының алды алынды

Ресейдің бас қаласы Мәскеудің батысындағы Калуга аймағына Украинаның пилотсыз әуе көліктерімен шабуыл жасау әрекетінің алдын алғаны жарияланды.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Украинаның 6 пилотсыз әуе көлігімен шабуыл жасау әрекетіне қатысты «Бүгін түнде Калуга аймағы үстінде Киев режимінің пилотсыз әуе көліктерімен террорлық шабуыл әрекетінің алды алынды» делінді.

Орыс әуе қорғаныс жүйелерінің 6 пилотсыз әуе көлігін құлатқаны туралы ақпарат бөлісілген мәлімдемеде алды алынған шабуыл нәтижесінде ешбiр шығын болмағаны білдірілді.

24-28 шілде күндері Украинаның Мәскеуге пилотсыз әуе көліктерімен шабуыл жасағаны, зардап шеккен және шығын болмағаны хабарланған еді.

30 шілде мен 1 тамыз күндері аралығында Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Мәскеу аймағына пилотсыз әуе көліктерімен шабуыл жасамақ болғанын хабарлады.

Екі шабуылда да Мәскеу-Сити аймағындағы зәулім ғимаратқа пилотсыз әуе көліктері соғылып, ғимаратқа зақым келдi.



Ұқсас жаңалықтар