Нигерияда соңғы жағдай

Отанды қорғау ұлттық кеңесінің басшысы тәуелсіздік күніне орай телеарнадан мәлімдеме жасады.

2019693
Нигерияда соңғы жағдай

26 шілде күні Нигерде билікті басып алған әскери төңкерісшілер Отанды қорғау ұлттық кеңесінің басшысы Абдуррахман (Омар) Тчиани француз азаматтарының Нигерден кетуіне ешбір себеп жоқ екенін айтты.

Тчиани 3 тамыз тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік телеарнадан мәлімдеме жасады.

Батыс Африка елдері Экономикалық ұйымының (ECOWAS) Нигерге қарсы санкцияларының «заңсыз, әділетсіз және адамгершілікке жатпайтынын» атап көрсеткен Тчиани бұл санкциялардың Нигер халқын одан әрі кедейлікке итермелегеніне назар аударды.

Елден кеткен француздарға қатысты Тчиани «Франция азаматтарының Нигерден кетуіне нақты себеп жоқ. Оларға қатысты ең кішкентай қауіп те болған жоқ» деді.

Францияның әскери ынтымақтастығын тоқтатқанын сынға алған Тчиани «Лаңкестікпен күресуге көмектесеміз дегендер ең кішкентай қиындықта әскери ынтымақтастығын тоқтатуда» деді.

Екінші жағынан «ECOWAS» атынан делдалдық жасайтыны жарияланған Нигерия Исламдық істер жоғары кеңесінің төрағасы және Сокото сұлтаны Саад Абубакар басшылығындағы делегация Нигердің бас қаласы Ниамейде әртүрлі кездесулер өткізді.

«ECOWAS» 30 шілде күнгі кезектен тыс саммитінде Нигердегі әскери төңкерісшiлерге президент Мұхаммед Базумды босатып, қызметіне қайта оралуы үшін бір апта уақыт берген еді.

«ECOWAS» осы уақыт ішінде егер талаптары орындалмаса, әскери операцияға қоса барлық шараны қолданатынын мәлімдеген болатын.

Әскери операция ықтималы Африканың батысындағы басқа әскери төңкеріс үкіметтерінің наразылығын тудырды.

Әкімшілікте сарбаздар бар Буркина-Фасо мен Мали жариялаған бірлескен мәлімдемеде Нигерге әскери операцияның өздеріне соғыс жариялауы деген мағынаға келгені тақырыбында ECOWAS-ке ескерту жасаған еді.

Екінші жағынан Нигерия Нигердегі әскери билікке қарсы жаңа шаралар қабылдады.

Осы аяда Нигерияның солтүстік көршісі Нигерге электр қуатын беруді тоқтатты. Нигер электр қуатының 70 пайызын Нигериядан қамтамасыз етеді.

Нигерде президент Мұхаммед Базум 26 шілде күні президенттік гвардия полкі күштері тарапынан тұтқындалған және сол күні кешке әскерлер билікті бақылауға алғанын хабарлаған болатын.

Президенттік гвардия полкінің қолбасшысы генерал Тчиани 28 шілде күні Отанды қорғау жөніндегі ұлттық кеңесі төңкерісшілердің басшылығын қабылдап, өтпелі үкіметтің басшысы болды.



Ұқсас жаңалықтар