Ливандағы палестиналықтар лагерінде қақтығыс шықты

Ливандағы палестиналықтардың ең үлкен босқын лагеріндегі кейбір топтар арасында қақтығыс шықты.

2019718
Ливандағы палестиналықтар лагерінде қақтығыс шықты

Ливандағы палестиналықтардың ең үлкен босқын лагері Айн әл-Халвада атысты тоқтату келісіміне қарамастан топтар арасындағы шыққан қарулы қақтығыста тағы бір адамның қаза тапқаны білдірілді.

Ливан ресми ақпарат агенттігі «NNA»-ның хабарлауынша лагерьдегі қақтығыстар нәтижесінде Фатх қозғалысының бір мүшесі қаза тауып, екеуі жараланды.

Сенбі күнінен бастап жалғасқан қақтығыстарда қаза тапқандар саны 12-ге жетіп, жаралылар саны 60-тан асты.

Елдің оңтүстігінде 60 мың адам сыйымдылығымен Сидон қаласындағы палестиналықтар лагерiнде болған қақтығыстарда ауыр қарулар мен минометтер қолданылғаны атап көрсетілген.

Ливандық тараптардың бітімгерлігімен 31 шілде күні лагерьдегі палестиналық топтар арасында атысты тоқтату келісімі жасалғаны хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар