Қарулы топтарға операция жүргізілді

Операция барысында 16 мүшесі өлтірілді.

2019730
Қарулы топтарға операция жүргізілді

Нигерияның Замфара уәлаятында қарулы топтарға қарсы операция жүргізілді.  Операция барысында 16 мүшесі өлтірілді.

Нигерия Әуе күштерінің баспасөз хатшысы Эдуард Гаквет армияның Замфара уәлаятының Данкарами аймағында қарулы топтарға әуеден операция жүргізгенін білдірді. Ол операцияда қарулы топтың 16 мүшесінің өлтірілненін, көптеген мүшесінің жараланып қашқанын хабарлады.

Операция барысында қарулы топ мүшелерінің лагерьлері жойылды. Қару,  көліктері және оқ-дәрілері тәркіленді.

Замфара уәлаяты 5 жылдан астам уақыттан бері қарулы топтардың шабуылына ұшырап келеді. Үкімет қауіпсіздік мәселесіне байланысты қарулы топ мүшелерінің өлім жазасымен жазаланатынын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар