Трампқа 4 жаңа айып тағылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың 3 тамыз күні сот алдына шығуы күтіледі..

2019277
Трампқа 4 жаңа айып тағылды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұрынғы президенті Дональд Трампқа "6 қаңтар күнгі Конгресске рейд" тергеуі аясында 4 жаңа айып тағылды.

Вашингтон аймақтық сотына ұсынылған айыптауда Трамптың «2020 жылғы президенттік сайлауда жеңілгеніне қарамастан билікте қалуға бел байлағаны» және сайлау қорытындысы туралы жалған ақпарат таратқаны атап көрсетілді.

Бұл айыптаулардың жалған екені және Трамптың мұны білгені баса айтылған айыптауда бұрынғы президентке «АҚШ-ты адастыру үшін қастандық жасау», «ресми процеске тосқауыл қою үшін қастандық жасау» және «сайлаушылардың конституциялық құқықтарын пайдалануына кедергі келтіру үшін қастандық жасау» айыптары тағылды.

Трамптың 3 тамыз күні сот алдына шығуы күтілуде.

Трамп туралы жүргізілген тергеу бойынша арнайы сарапшы ретінде тағайындалған бұрынғы бас прокурор Джек Смит айыптау қорытындысына қатысты баспасөз мәлімдемесінде 2021 жылдың 6 қаңтар күні Конгресс ғимаратына жасалған шабуылды «Американ демократиясының орталығына жасалған бұрын-соңды болмаған бір шабуыл» деп айыптау қорытындысында айтылғандай, сотталушы Трамптың Америка әкімшілігінің негізгі қызметі болып табылатын президенттік сайлаудың нәтижелерін жинау, санау және бекіту үдерісіне тосқауыл қоюға бағытталған өтіріктері шабуылды өршіткені атап көрсетілді.

Трамптың сайлау науқаны командасы жасаған мәлімдемеде болса айыптаудың «Байден қылмыскерлер отбасы мен қару ретінде пайдаланған Әділет министрлігінің» 2024 жылғы президенттік сайлауға араласу әрекеттерінің үлгісі болып табылатыны айтылады.

Мәлімдемеде Трампқа жасалған амалдың нацистік Германияны, Кеңес Одағын және басқа диктаторлық режимдерді еске түсіргені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар