Ресей «Мұхит қалқаны-2023» оқу-жаттығуын бастады

Ресей Қорғаныс министрлігі жаттығуға қатысты мәлімдеме жасады.

2019363
Ресей «Мұхит қалқаны-2023» оқу-жаттығуын бастады

Ресей Балтық теңізінде «Мұхит қалқаны-2023» оқу-жаттығуы бастағанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ресей теңіз күштерінің Балтық теңізінде жаттығуларын бастағаны білдірілді.

«Мұхит қалқаны-2023» деп аталатын оқу-жаттығуға 30-дан астам әскери кеме, 20 қолдау фрегаты, 30 әскери ұшақ және 6000-ға жуық әскери қызметкердің қатысатыны атап көрсетілген мәлімдемеде «Жаттығу барысында Әскери теңіз күштерінің Ресейдің ұлттық мүдделерін операциялық тұрғыдан маңызды бір аймақта қорғауға дайындығы тексерілледі» делінді.

Мәлімдемеде жаттығудың қашан аяқталатыны туралы ақпарат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар